Әміренов Тәңірберген | өмірбаяны

0

Әміренов Тәңірберген (1907–1985) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Сарыжал ауылында 15 маусымда туған. Ауыл мұғалімінен оқып, хат таныған соң, халық ауыз әдебиеті үлгілерін көшіріп, жаттауды үрдіс еткен. Абай ауданында, Семей қаласында түрлі қызметте болды. Отызыншы жылдардан бастап өлеңдері жергілікті газеттерде жарияланып тұрды. Ұлы Отан соғысы жылдары Семейдің эстрадалық концерт бюросында қазақ труппасын басқарды. Маясар Жапақовпен, Жолдыкей Нұрмағамбетовпен, Шәкір Әбеновпен, Қалихан Алтынбаевпен айтысқан. Шығармалары «Айтыстың» 3томында (1966), «Пернедегі термелер» (1965), «Ленин деп халық жырлайды» (1969) жинақтарында басылды. Өзінің «Жұмбақ тас» (1967), «Қанды қанжар» (1973), «Жол мұраты» (1977) атты өлеңдер жинағы жарық көрді. 1985 жылы «Жазушы» баспасынан «Өмір өткелдері» атты өлеңдері мен сықақтары жеке жинақ болып шықты.

Қайнар көз: http://writers.kz