Альмира Наурызбаева | өмірбаяны

0

 

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті шығыстану факультетінің деканы қызметін атқарған кезде мен бірнеше жылдар бойы сол кісінің тікелей басшылығымен еңбек еттім. Сол кезде-ақ ол кісінің бойынан ғалымдық және зиялылықпен қатар ұйымдастырушылық қабілетін, білім мен ғылымның сапасын көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға ұмтылысын, осы саладағы барлық жаңалықты бағалау, сондай-ақ құнды нәтижелерді ажырата алу қасиетін таныдым. 

Әрине, ол кісі жоғары деңгейде білім ал­ған. Мәскеу Мемлекеттік университетінде кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған. Мәскеулік әріптестердің мойындауынша, бұл екі тілді әдеби-көркем поэзия өнері бойынша ең тамаша зерттеу жұмыстарының бірі бол­ған. Қазіргі уақытқа дейін әдебиетте екі тіл, тіпті кейде үш тілді белсенді пайдаланатын елдердің ғалымдары бұл еңбекке сүйенеді. Оның осындай талапты болмысы мен фи­ло­со­фиялық ақыл-ой жүйесі, өзіне жоғары талаптар қоя алуы ол кісіні үнемі философия­лық-теоретикалық сипаттағы мәселелер мен оның зерттеу пәнін терең оқып-зерттеуге же­теледі. Поэзия өнері – бұл әдебиет пен өн­ер теориясының маңызды бөлігі және ол әде­би шығармалардың жүйесін, өлең өнерін және әдеби тәсілдерді зерттейтін әдебиеттің бір бөлшегі. Ал бұл эстетика және философиямен тығыз байланысты. 




А.Наурызбаева студенттік жылдардан бастап-ақ ұлы философтар Г.В.Ф.Гегель, Ф.Ницше, А.Тойнби, М.Хайдеггер, Б.Рассел жә­не әсіресе М.М. Бахтин, Ю. Лотман, Е.М. Ме­­летинский, Д.С.Лихачев сияқты ұлы орыс мамандарының, сондай-ақ Гастон Башляр, Мишель Фуко сияқты еуропалық ға­лымдардың еңбектерін оқып-зерттей бас­тады. Бұл – бүгінгі ақыл-ойдың шеңберін ке­ңейткен ғалымдардың тамаша тобы. Қа­зір­гі уақытта ғылыми таным тез өзгеріс­тер­ге ұшырап жатқанын Альмира Бекетқызы жақсы түсінеді. Қоғамдық өмірде ғылымның орны өзгеруде, оның табиғат пен қоғамды зер­­делеу тәсілдері мен түрлері, ғылымның қо­ғамдық сананың басқа салаларымен өза­ра байланыстары өзгерістерге ұшырауда.

 


Көп жағдайда қазіргі заманды көбінесе өзіне тән белгілердің жиынтығы шоғырланған кезең ретінде көрсетеді.
Тіпті философтардың бірі қазіргі кезеңді тарихи кезең ретінде емес, қондырғы ретінде қарастырады. Мишель Фуко: «Қондырғы дегенді өзектілікке байланысты қарым-қатынас тәсілі, жекелеген адамдардың ерікті таңдауы және тіпті бір уақытта белгілі бір нәрсеге тиістілік пен міндетті көрсетіп тұратын ойлау және сезіну, іс-әрекет пен мінез-құлық тәсілі деп түсі­не­мін», – деген болатын.




Альмира Бекетқызы қазіргі өмірдің өз­ге­рісін сезінеді. Әрі бұл өзгерісті үздіксіз байланыс, қозғалыс арқылы анықтауға ұмтылуда. Ол үшін қазіргі заманның талабына сай адам болу дегеніміз осы үздіксіз қозғалысты тү­сіну және қабылдау, соған байланысты белгілі бір мақсатты ұстану және бұл ерікті мақ­саттың негізгі мәні қазіргі кезеңнің өзін­дегі белгілі бір мәңгілікті ұғынып алу. 




Мишель Фуконың: «Қазіргі кезең сәннен (модадан), яғни жай ғана өмір ағымынан қалмаудан ерекшеленеді. Бұл ұстаным осы күнгі бар даңқты ұғынып алуға мүмкіндік береді», – дегені дау тудырмайды.

 


Бұл жағдай, яғни уақытты сезіну және мәңгілік туралы ой оны өзгермейтін тақырып – гуманизмді зерттеуге бағыттайды.
Ол кі­сінің гуманизм (адамгершілік) мәселе­лерімен байланысты көп жылдар бойы жүргізген зерттеулерінің нәтижесі 2003 жылы «Гуманизм мәдениет антропологиялық дискур­сының концепті ретінде» атты тақы­рыпта фи­лософия бойынша докторлық диссертация ретінде ұсынылып, тамаша қорғалды. 




Альмира Бекетқызы өзінің барлық ғы­лыми жұмыстарында асығыстықтан аулақ­тауға тырысады.




Бірде ол кісі өзінің кейбір әріптестерінің айтқан ғылымсымақ демагогиясын шыдам­дық­пен тыңдап, рұқсат сұрап, мынаны айтқа­нын есіме түсіремін: «Мен әріптестерімді тың­дап, мынандай ойға келдім. Жоқ, дегенмен де Маркс мәңгі! Көп жағдайда оның ойлары мен сөздері барлық нәрсені және не­гі­зінен Маркстің өзін шын мәнінде зерттеуді тұмшалайтын жай ғана ұрандарға айналуда. Мен бұны өмір сапасының құбылысы сияқты түсініктің іс жүзінде гуманитарлық негіздері шын мәнінде экономикалық негіздермен тепе-теңдік жағдайында болу керектігіне бай­ланысты айтып отырмын. Ал гумани­тар­лық негіз дегенімізді қалай түсінеміз? Осы жерде айтылған осы түсініктерді адамдық сипатқа енгізу. Статистиканың тілі зұлым болып саналады, себебі, бір жағынан, ол адамды бір нәрсеге сендіреді, анық және дәл, екінші жағы­нан, ол нақты жағдайды сандар тізбегі­мен тұмшалайды. Іс жүзінде контекстен әр­түрлі салаларды таңдап алып, былай деп айтуға болады: иә, біз жақсы өмір сүріп жатырмыз. Біреудің гаражында екі машинасы бар, біреу зәулім үй тұрғызып жатыр және т.с.с. Бірақ бір жағынан, осындай материалдық игілікті иеленген азамат өзін тұлға ретінде көрсете ала ма? Адамның физикалық және материалдық сипаттағы қажеттіліктен басқа тағы екі жоғарғы қажеттілігі бар. Ол жеке өзін-өзі көрсету және рухани жетілдіру.

 

Егер біз өмір сапасының ұлттық үлгісін жа­сау­­ға ұмтылсақ, ол міндетті түрде гума­ни­тарлық, экономикалық, әлеуметтік, саяси бір­ліктерден құралу керек. Біз хрусталь (шы­ны) сарайлар тұрғыза аламыз, бірақ осындай жағдайда айталық, ел ішінде жемқорлық қаншалықты құрықталады?». Әрине, бұндай ұстаным, адамға өзінің әсерін тигізеді.




Ғалым және педагог ретінде Альмира Бе­кетқызының тұлғасы оның жұмысында бейнеленеді. Ол гуманизм мен мәдениет туралы жазғанда, әрине, өзінің мәні бойынша осындай керемет атауға көптеген адамдар ғасырлар бойы қиянат жасағанын түсінеді. Мәселен, дінге қарсы шыққан гуманизм, тақуалыққа және одан да жоғары теоцент­ристік гуманизмге қарсы қойған христиандық гуманизм қалай өмір сүрді.

 


Біз білетініміздей, ғылымға сенімсіздік, дұшпандық және сыншылдық танытқан гуманизм болған, сонымен қатар, керісінше, сол ғылыммен өзінің үміттерін байланыстырған басқа гуманизм де бар.
Марксизм де гу­ма­нистік болып саналды, тіпті гуманистік құн­дылықтарды ұлтшыл-социализм ретінде көр­сеткен, сталиншілдер де өздерін гума­низм­ді жақтаушылар деп жариялаған кезең де болды.




Бірақ Альмира Бекетқызы өздерін гуманизм негізінде көрсеткендердің барлығын арт­қа тастау керектігін анық түсінеді. Адам­ның өзін жетілдіруіне қызмет жасайтын гуманизмге көңіл аудару ол кісіні қызықтырады. Гу­ма­нист әрқайсымызда адамға деген сүйіс­пен­шілікті тәрбиелейтін адам туралы түсінік­тер­ді көркейту мен ақтауға қызмет жасайды.

 


Альмира Бекетқызы пікірталас өнерімен қаруланған, кез келген жағдайда ол кісі тия­нақты жауап, көрнекті дәлелдер табады.

 


Ол өзінің уақтылы айтылған пікірімен, күт­пеген және өткір сұрақтарымен асқақта­ған шешенді орнына қояды.
Бұл тіпті талғам­паз тыңдаушыларды таңқалдырады. Міне, мә­селен, ол кісінің жемқорлық туралы заң­ға байланысты айтқан пікірі: «Егер әлеу­мет­тік ынтымақтастық мәдениеті болмаса, еш­қандай заң жұмыс істемейді. Бұл мәдениет барлық деңгейлерде бірдей болу керек. Жай ғана мысал келтірсек: егер жоғарғы қабат­тағы көрші бүгін мысалы, жөндеу жұмыс­тарын жүргізсе, өзінің суды өшіретінін көр­ші­леріне айту қажеттігі туралы ой оны ма­­за­ламайды. Былай қарасаң қарапайым нәрсе, бірақ бұл істелмейді. Осындай жағ­дайлар бізде барлық нәрседе кездеседі…»




Ол кісі тілге, баяндау стиліне, өзінің әңгімелесуші әріптесінің ішкі жан дүниесінің қозғалысына көп көңіл аударады. Қарым-қа­ты­настағы қарапайымдылығына сәйкес кез кел­ген өзін сыйлайтын әңгімелесуші әріптесі өзін соған сәйкес, лайықты және биязы ұс­тау­ға ұмтылады. Барлық нәрседен оның зия­лы­лығы және талғампаздығы дауыс тем­бі­рінен, сөз саптауынан көрінеді.




Мен профессор Альмира Наурызбаевамен достық қарым-қатынастамын және бұл достықты қадірлеймін. Бірде мен кездейсоқ мынандай көріністі бақыладым. Бір абиту­риент­тің анасы деканға (Альмира Бекетқызы декан болған кезде) өзінің қызына жатақ­ха­надан орын беру туралы өтінішпен келді.

Ба­ра­тын жері де, ақшасы да жоқ, жатақ­ха­на­ның әлі дайын еместігін естіп, жылай бас­тады. Сол бейтаныс әйелге Альмира Бекет­қызы оның қызының өзінің үйінде тұра тұ­­­ру­ға мүмкіндік жасайтынын айтты… Тек аса мейі­рімді және рухы жомарт адамдар ғана осылай істей алады…




Бірде ол өзінің әңгімесінде шенеунік­тер­дің, депутаттардың сөйлеген сөздерін зейін сала тыңдай жүріп, олардан «мәдениет» деген сөзді сирек еститінін айтты. Бұндай жағдайда қо­ғамда мәдениетсіз өнегелік болу мүмкін емес. Ең қарапайым адамгершіліксіз әлеу­меттік заңдар, экономикалық заңдар жұмыс істемейді, үкімдер орындалмайды. Қазіргі ғылым мен білім өмір сүре алмайды, өйткені, мысалы, дамуға бағытталған жоғары бағалы жобаларды тексеру қиын.

 


Ел абыройының өндірілетін мұнайдың көлеміне байланысы жоқ.
Ол нағыз беделді университеттердің , ауруханалардың, жақсы мек­тептердің санымен, ғылым, музыка, көр­кем сурет сапасымен, халықтың еңбек­қор­лы­ғымен, жүріс-тұрысымен тікелей байла­ныс­ты…




Альмира Бекетқызы танымал әрі дарынды педагог. Оның дарынын шәкірттеріне берген білімінен ғана емес, олардан көп талап етуінен, өзінің көзқарасын қорғауда дер­­­бес болғанын көргісі келетінінен бай­қаймыз. Оның шәкірттерінің ішінде де дарындылар баршылық. Солардың қатарында жазушы Дидар Амантай мен ға­лым-сая­­саттанушы Санат Көшкімбаевты мақ­­танышпен атауға болады.




Ал шынайы абырой қашан да ар-ож­дан­мен үйлеседі. Сол үйлесім Альмира Бекет­қы­­зы­­­ның тал бойынан менмұндалап тұра­ды.

Сафар АБДУЛЛО.