Айгүл Ісімақова | өмірбаяны

0
69

Айгүл Ісімақова (24.3.1958 ж.т., Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу а.) – филология ғылымының докторы (1998). Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын (1980, қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) бітірген соң Қазақстан ҒА-ның Әдебиет және өнер институтында лаборант (1980), Мәскеу қаласындағындағы Дүние жүзі әдебиеті институтында ізденуші-стажер (1981), аспирант (1982–85) болды. Әдебиет және өнер институтындағылыми қызметкер (1985–94), аға ғылыми қызметкер (1994–2000), 2001 жылдан бөлім меңгерушісі. «XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ көркем прозасының поэтикасы (тақырып, жанр, стиль)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әдебиеттанудағы ғылыми ізденістерінің негізгі бағыты – қазақ әдебиетіндегі жанр, стиль өзгешеліктері мен ерекшеліктері мәселесі (мысалы: «Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль», 1998; «Алаш әдебиеттануы», 2009, т.б.).  Филологияғылымының докторы (1999). «Қазақ көркем прозасы>> (А., 1998), «Әдебиетте тоқырау болды ма?» («Жалын», 1990, № 2), «Абай санасындағы керкем проза» («Казак- стан Республикасы ғылым академиясының хабаршысы. Филология сериясы», 1995, № 4), «Қазіргі ой-пікір және Абайдың мәңгілік мурасы» («Халықаралық симпозиум», 1996, ҚазМУ баспасы) т. б. зерттеу еңбектері жарық керді. Көптеген ғылыми еңбектері Әуезовтің туындыларына арналған. Бұл салада «М.О.Әуезовтің 20-жылдардағы көркем әңгімелерінің стилі» («Мұхтар мұрасы», А., 1997, 80-89-беттер) атты мақаласында қорғансыздардың тағдырын суреттеу арқылы қоғамдык турмыстың мешеулігін, кертартпа адамгершілік көрінісін, биік рухани биіктікті айкын дәлелдеді деген. Ал «Қос бұлақтан нәр алған» атты макаласында ұлы жазушының тәлім-тәрбие апған ортасы туралы ой толғаған («Заман-Қазақстан», 1997, 26 қыркүйек). «Возвращение Плеяды. Алаш әдебиетінің экзистенциалдық мәселесі» атты ғылыми монографиясында (2002) Әуезовтің шығармаларын Алаш жазушылары туындыларының контексінде зерттеді. Әуезовтің жылы Аймауытовты ұстаз санағанын, «Ақбілек» романын кесілген қолжазба түрінде өз үйінде сақтағанын арнайы саралады. Ол мәтін күні бүгін Әуезов мұражайында сақтаұлы. «М.Әуезовтың әдебиеттанушылық көзқарасы» атты мақалада А.Байтүрсынұлының «Әдебиет таныткыш» кітабымен сарындас ғылыми тужырымдары баяндалады.