Әбубәкір Қайран | өмірбаяны

0

Әбубәкір Қайран — 1958 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданындағы (бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы) Ақсуат ауылындағы дүниеге келген. 1981 жылы Семей педагогикалық институтының тіл әдебиет факультетін үздік бітіріп, Алматы облысының Күрті ауданында екі жыл мұғалім болған. 1983—1985 жылдары республикалық «Балдырған» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, бұдан кейінгі уақыттарда «Жалын» баспасында редактор, «Қазақстан мектебі» журналында бөлім меңгерушісі және «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, халықаралық «Дала» журналында бас редактордың орынбасары, «Қазақ тарихы» журналында Бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Қазір ғылыми-педагогикалық «География және табиғат» журналының бас редакторы. 

 

1980 жылы «Бастау» сериясымен тұңғыш кітабы жарық көрді. «Ақ сәуле», «Мазасыз әлем» және балаларға арналған ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. Кейінгі жылдары «Маңдайдағы жазулар» (2003), «Атбегінің әліппесі» (2005), «Мен ғашықпын ғаламға» (2008) жыр жинақтары оқырмандар қолына тиді. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауретаы (2005). Бірнеше халықаралық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері