Қазақша ертегі: Қасқыр мен кірпі – Ертегілер – Bilim

0
277

Орман шетінде домаланып бара жатқан кірпіні аш қасқыр бас салады. Сол кезде кірпінің инелері қанжардай қадалып, қасқырдың тұмсығы мен тамағы қанға боялады. Өзінің озбырлығын, қомағайлығын сездіргісі келмеген қасқыр:

          — Бетіңнен сүйейін деп едім. Сен-ақ түрпілеріңді тастамай жүреді екенсің өмірі, – деп, сылтауратады.

          Кірпі түрпілерінің арасынан біздей тұмсығын шығарып тұрып, сықылықтай күледі де:

          — Асықпа, қасекесі, сенің азу тісің түгел түсіп біткен кезде, мен де түрпілерімді тастаймын, – дейді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: