Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге! – Сценарилер – Bilim

0
155

Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге!

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ортадересін ауылы

«Ортадересін жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-сінің

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Болтайханова Таңшолпан Жадырабекқызы

Мақсаты: Еліміздің салт – дәстүрі мен таныстыра отырып, әдет ғұрып мәдениетін меңгерту. Халқымыздың дархан қасиетін дәстүрін оқушылар санасына сіңіру, дүниетанымын арттыру. Ұлтжанды, дәстүрді сыйлай білетін өмірлік ұстанымы бар тұлға тәрбиелеу.

Барысы:

Би:___________________________________________________________________

1-Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Наурыз мерекесі құтты болсын. «Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге!» атты мерекелік бағдармамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-Жүргізуші: Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық,

Мерекесі халықтың наурыз тойын бастайық.

Құтты болсын мереке, болсын думан береке.

1-Жүргізуші: Келе жатыр жылымыз

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып, жадырасып бәріміз.

Күннің жаңа нұры бар, мұның ғажап сыры бар

Халық сүйген мейрамды қарсы алайық Наурызды!
2-Жүргізуші: Ұлыс күндеріңіз құтты болсын. Ата – бабаларымыздың сөзін айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн». Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан. Үлкен кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.
1-Жүргізуші: Уа халайық, халайық,

                     Ақ сандықты ашайық.

                     Бұл мереке бұл тойдың,

                     Шашуларын шашайық!

(Ортаға шашу шашып шығады)
2-Жүргізуші:

Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,

Қабыл қылсын халқымның ақ тілегі.

Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,

Ризалығың болсын көл – көсір!
1-Жүргізуші: Жиналдық Наурыз тойға бәріміз де.

                     Үлкен – кіші жасымыз кәріміз де.

                     Енді ортаны баршаңызға ашайық,

                     Көрерменге жырдан шашу шашайық.

                     Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып,

                     Өнерменен інжу – маржан шашайық!

Ортаға даярлық сыныбы мен шағын орталықтың кішкентай бүлдіршіндерін шақырамыз.
2 – жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Бүгін біздің мектепте Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай сыныптар топқа бөлініп өнер көрсетпекші, сол сыныптардың өнерін тамашалайық. Олай болса өнер көрсету кезеңдерімен таныстырып өтейін:

  • Ауылдарын таныстыру.
  • Ұлттық ойын.
  • Өз өнері.
  • Салт – дәстүрден көрініс.

1-жүргізуші: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,»

Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.

Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,

Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп Топтардың өз ауылдарын таныстыру кезеңін бастайық.

2-жүргізуші: Жоғарғы сынып оқушылары 9 және 10 сынып оқушыларынан құралған топты қошемет пен құрметпен қарсы алайық!

1-жүргізуші: 5 және 8 сынып оқушыларынан құралған топты ортаға шақырамыз!

2-жүргізуші: Мектебіміздің бастауыш сынып оқушыларынан құралған топты қарсы аламыз!

1-жүргізуші: Жарқыраған жас нұрлы,

                    Жаса, Наурыз дәстүрлі.

                    Бақытыма шалқыдым,

                    Ашылады нұрымыз.

                    Осынау байтақ елімде,

                    Айтылады жырымыз.

___Алихан «Көктем әні»_______________

2-жүргізуші: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірім танысын деп тасып өткен. 

Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух, 

Бақытты Наурызы бар халқым неткен!

Келесі кезең ұлттық ойын көрсету. Әр топ өзінің дайындап келген ойындарына кезек берсек.

1 ауыл_______________________________

2 ауыл_______________________________

3 ауыл_______________________________

1-жүргізуші: Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді.

Наурыз келді салтымыз:

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр – аңыз.

_____Жанболат пен Жастілек «Қос қарлығаш»__________

2-жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық, би билейік,

Өнермен өрге басып кідірмейік. – дей келе 3 кезең ауылдардың өнерлерін тамашалайық.

1 ауыл_____________________________________________________________

2 ауыл_____________________________________________________________

3 ауыл_____________________________________________________________

2-жүргізуші:Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!

________________________________________________________________________________________________________

2-жүргізуші: Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

Соңғы бөліміміз Салт-дәстүрден көрініс көрсетукезеңіне берейік.

1 ауыл_____________________________________________________________

2 ауыл_____________________________________________________________

3 ауыл_____________________________________________________________

2 – жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу – салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

1 – жүргізуші:Гүлге орап, жасандырып жусан белін,

Ақтарған арындатып думан селін.

Сіңірген халық салтын қанымызға,

Мейрамның құтты болсын, туған елім!

Құттықтау сөз кезегін Қабдынова Айсұлу Тенізбайқызына

2 – жүргізуші: Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа!

Аман – есен жетейік.

Келер Наурыз тойына!

1-Жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар!

Айналайын балалаар!

Жеп – ішсін деп, тамсанып,

Жеті түрлі дәм салып,

Наурыз көже пісірдім.

Тойға қазан түсірдім!

Құйдым алтын табаққа,

Құлшыныңдар тамаққа

Көжеге жас – кәріңді,

Шақырамын бәріңді

2 – жүргізуші: Демеңіз бар өнерді аяп қалды,

                      Уақытта біраз жеоге таяп қалды.

                      Қош болып тұрыңыздар, көріскенше,

                      Осымен думанымыз аяқталды.

«Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге!»атты мерекелік іс—шарамыз аяқталды.