Маржан Арапбаева Түркиядан 92 миллионға үй сатып алмақ

0

Алайда өнер иесінің шет елге көшу ойында жоқ. Ол үйді жалға беру үшін алмақ, деп хабарлайды kznews.kz сайты Express Qazaqstan порталына сілтеме жасап.

Танымал әнші алдағы жылы Түркияның Алания қаласынан үй сатып алуды көздеп отыр. Бағасы арзан емес. Маржан Арапбаеваның бұған дейін 187 мың еуро (92 миллион теңгеге жуық) тұратын екі қабатты коттеджге көзі түсіпті.

Таунхаус теңіздің жағасында орналасқан.

«Түркиядан үй сатып алуды осыдан 5-6 жылдан бері армандап келемін. Шаң-тозаңға аллергиям бар. Сондықтан теңіздің жағасында жиі демалуым керек. Осы жазда Түркияға барып, құрылыс компанияларының мамандарымен сөйлесіп қайттым. Тіпті Аланияның қақ ортасынан «таунхаус» сатып алмақ болдым. Бағасы — 187 мың еуро. Алайда бір себептермен кейінге қалдырдым. Енді алдағы қаңтар айында сатып аламын деп отырмын», – дейді Маржан Арапбаева.

Бірақ ол өз елінен ешқайда кетпейтінін айтты.

«Мен бұл жерде көтерілдім. Өзіме ұнайтын жұмысым бар. Өзге елде бір айдан артық тұра алмаймын. Жалға беріп қоямын. Кейде отбасыммен демаламын», – дейді әнші.