Ыстамбұлда теракті болып, 35 адам көз жұмды

0
291

Жаңа жыл түні Стамбұлдағы түнгі клубта лаңкестік оқиға орын алып, 35 адам көз жұмып (оның 16 шетелдік), 40-қа жуық адам жарақат алған. ҚазАқпарат тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов теракт салдарынан қазақстандықтар зардап шекпегенін алға тартты.

Стамбұлдағы Reinа түнгі клубына жасалған шабуыл салдарынан 35 адам қаза тауып,  жараланғандар саны 40-қа жетті. Қаза тапқандардың арасында Израиль, Бельгия, Сауд Арабиясы, Марокко, Ливия және Ливан азаматтары бар. Санта Клаус костюмін киген екі ер адам  «Рейна» түнгі клубына басып кіріп, бейберекет оқ атқан. Олар шабуыл жасаған кезде ғимараттың ішінде 700-800 адам болған.

«2017 жыл Түркияның ірі қаласында террорлық актімен басталды. Салафиттер түнгі клубқа кіріп автоматтан жаппай оқ ата бастады. Олардың пікірінше, Жаңа жылды мерекелеу – бұл харам. Және мұндай пайымдау әлеуметтік желіде таралған»,-деп жазды  Нұрат Илияс Facebook-те. Ол Стамбұл университетінде «тюркология» мамандығы бойынша  докторантурада оқиды. Үш жылдан бері осы қалада тұрады. Стамбұл түнгі клубында оқ атқан лаңкестердің бірінің көзі жойылды, деп хабарлады Guardian.