Назарбаев береке-бірлігі жарасқан халқымызға зор алғыс айтты

0

Мешін жылы еліміз үшін ерекше мерейлі меже болды. Отандық телеарналар арқылы барша қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтаған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай лебізін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қымбатты отандастар! Санаулы сәттерден соң біз Жаңа 2017 жылға қадам басамыз. Өтіп бара жатқан Мешін жылы еліміз үшін ерекше мерейлі меже болды. Биыл бүкіл халық болып, қастерлі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік. Жас мемлекеттің ширек ғасырлық шежіресі ел тарихында алтын әріппен жазылды. Бұл біздің маңдайымызға бұйырған мерейлі мәртебе, еншімізге тиген ерен бақыт. Жаңа жылды қарсы алар сәтте береке бірлігі жарасқан халқыма зор алғыс айтамын», – деді Елбасы өз құттықтауында.

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз