«Валдай» пікірталас клубының отырысы – видеотрансляция

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Сочиде «Валдай» пікірталас клубының XVI отырысының пленарлық сессиясы өтіп жатыр. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев форумға Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен барды

Форумның басты тақырыбы – әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлі.

Пікірталас барысында қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайларға Шығыстың ықпалы, Еуразия кеңістігіндегі саяси және экономикалық өзара іс-қимылдардың перспективалары, Таяу Шығыс мәселелері талқыланады.

Пленарлық сессиялар барысында Қазақстан мен Ресей басшыларынан басқа Әзербайжан президенті Ильхам Алиев, Иордания королі ІІ Абдалла және Филиппин президенті Родриго Дутертенің сөз сөйлеуі жоспарланған.

Тағы оқыңыз: Путин Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы туралы айтты

Биыл «Валдай» халықаралық пікірталас клубының жұмысына 37 елден, 140-тан астам сарапшы қатысып жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...