Үсік жүреді: Республиканың бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды — Қазақстан жаңалықтары

0

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Үсік жүреді: Республиканың бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша, 2 сәуірде Қызылорда облысында күндіз, кей жерлерде 15-20 градус, 23 м/с жылдамдықта жел осғады. Түстен кейін күн күркіреп, бұршақ жауады. Ықтималдық 95-100%-ға тең.

Маңғыстау облысында жауынж жауып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ықтималдығы 90-95%-ға тең.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтілуде. Оңтүстік-шығыс бағыттқа батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ықтималдығы 90-95%-ға тең.

2 сәуір күндіз, 3 сәуір күні Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтілуде. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа қарай 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

2 сәуір түні Түркістан ауданында 2 градустық үсік жүреді. Ықтималдық 90-95%-ға тең. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz