Өлең: Қош бол! Сен кереметсің!

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Өлең: Қош бол! Сен кереметсің! казакша Өлең: Қош бол! Сен кереметсің! на казахском языке

Сұп-суық желі азынаған, күллі айналаны күңгүрт түске бояған күрең күздің соңғы күндері өтуде… Сап – сары болған жапырақтардай сағынышқа оранған менің жаным, санамнан еш кетпейтұғын сол жанды тағатсыз сағынады…

– Қош бол !!! Сен кереметсің !!!
Сонда сен бұл сөзіңмен не демексің ?
Әттең мені өзіңе ғашық еткен,
Тағдырыммен келеді төбелескім.

– Қош бол !!! Сен кереметсің !!!
Жоқ, мұны маған жазған сен емессің,
Құрығы қанша ұзын болсадағы,
Сені алып кете алмас менен ешкім.

Сенде маған қымбатсың, кереметсің,
Сенен өзге ешкімді елемеспін …
Екеумізді ағызған екі арнамен ,
Өміріммен келеді ерегескім.

Түнде түсім, өңімде сен елессің…
Сыр ала – алмас, өзіңдей менен ешкім.
Егер мен бұл өмірде сенсіз өтсем,
Досқа таба, дұшпанға келемежбін …

– Қош бол !!! Сен кереметсің !!!
Сонда сен бұл сөзіңмен не демексің ?
Түсіндім , гүлім мені елемепсің,
Неге менің жолымды бөгемексің ?
Ей өмір … мені ол қызға шегелепсің,
Тағдырыммен келіп тұр төбелескім …


13.04.2018
@ Бүтінбаев Нұржан

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...