Үш миллионнан астам қазақстандықтың жалақысы өсті

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Премьер-министрдің орынбасары биыл кем дегенде 373 мың жаңа жұмыс орны ашылуы керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Биыл үш миллионнан астам қазақстандықтың айлығы 15%-тен 30%-ке дейін өсті. Бұл туралы бүгін үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Үкіметтің ең негізгі міндеті – қазақстандықтардың әл-ауқатын, тұрмысын жақсарту. Биыл қазақстандықтардың жалақысы екі есеге өсті. Есептеп қарайтын болсақ, үш миллионнан астам қазақстандықтың айлығы 15 проценттен 30 процентке дейін көбейтілді», – деді Сапарбаев үкімет үйінде Елбасының Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру туралы өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-премьер қазақстандықтарды жұмыспен қамту мәселесіне де баса назар аударылып отырғанын атап өтті. Айтуынша, биыл кем дегенде 373 мың жаңа жұмыс орны ашылуы керек. Жеті айдың қорытындысы бойынша бұл тапсырма 60%-ке орындалған.

Тағы оқыңыз: Жалақы екі есе өседі: Тоқаевтың сөйлеген сөзінің толық мәтіні

«Оның ішінде 150 мыңнан астамы – нақты жұмыстар. Қазір сұранысқа ие мамандық иелерін оқыту үшін қысқа мерзімдегі курстар ұйымдастырылған. Сіздер білесіздер, елімізде «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бастау», «Жас маман», «Жас кәсіпкер» жобалары жүзеге асырылып жатыр. Микрокредит, гранттар беріледі. Елбасының әлеуметтік қамқорлық шараларына сәйкес, қосымша тағы 15 мың грант берілді. Соның нәтижесінде азаматтар кәсіп ашып, тұрмысын жақсартты», – деді ол.

Бұған қоса, Сапарбаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен 1 миллион 200 мың қазақстандықтың тұтынушылық кредит бойынша айыппұлы мен өсімпұлы кешірілгенін айтты.

Ал қыркүйек айына дейін 630 мың азаматтың тұтынушылық кредиті өтеледі. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 105 миллиард теңге қарастырылып отыр.



sputniknews.kz

Загрузка...