Үйленгеніне он жыл толғанын атап өтпек болған ер адам күтпеген олжаға кенелді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

АҚШ тұрғыны мерейтойды ерекше атап өткісі келіп, аяқ асты байып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. АҚШ-тың Миссури штатында әйелімен некелескеніне он жыл толғанын атап өтпек болып, лотерея билетін сатып алған ер адам қомақты қаражат олжалады, деп хабарлайды UPI ақпараттық порталы.

Мерейтой күні Джерри Армер жергілікті дүкенге кіріп, лотерея билетін сатып алады да, нәтижесін бірден тексеріп көреді. Сөйтсе, ер адам бір миллион доллар (385 миллион теңге) ұтып алыпты.

Тағы оқыңыз: Әйелінің сөзіне құлақ аспаған ер адам олжалы болды

«Басында сенбедім. Дүкенге қайтып келіп, билетті қайта тексеріп көрдім», – дейді Армер.

Әйелі де күтпеген олжаға әуелі күдікпен қарапты.

«Мені үйленгенімізге он жыл толғанымен құттықтау үшін хабарласып тұр деп ойладым. Не айтып тұрғанын түсінбей, суретін жіберші дедім, – деп еске алады келіншек. – Телефонды қойған соң, ұлыма олжалы болғанымызды жеткіздім».

Жеңімпаздар ұтысты қалай жұмсайтындарын айтқан жоқ.



sputniknews.kz

Загрузка...