тұрғындары ең көп қарызынан құтылған өңірлер аталды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Мемлекет есебінен әлеуметтік тұрмысы төмен азаматтардың 300 мың теңге мөлшеріндегі қарызы өтелген болатын. Бұған негізгі борыш, сыйақы, айыппұлдар да енді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан — Sputnik. Кредиті кешірілгендердің көбі Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының тұрғындары. Бұл туралы Қазақ радиосының жаңалықтар қызметі хабарлады.

Алматы қаласы бойынша 115 998 кредиттің қарызы кешірілсе, Түркістан облысында 83 895, Шымкент қаласында 74 731 несие өтелген. Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында да кешіруге жататын кепілдіксіз кредиттер көп болған.

Көпбалалы, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, асыраушысынан айырылған отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар және  жетім балалардың берешегін өтеу жұмысы жалғасуда. Қазір осы бес санатқа кіретін кредиті өтелмегендердің қосымша тізімі жасақталып жатыр.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде борышкерлер жайлы кейбір ақпарат болмай шыққан. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық банкке тізімге енбей қалған азаматтар туралы мәліметті екі апта сайын жолдап отыр. Бұл жұмыс желтоқсан айына дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз: Перуашев кредиті кешірілгендер қандай қиындыққа тап болатынын айтты

Бұдан соң Ұлттық банк тізімді кредит бюросымен нақтылайды. Жыл соңына дейін қалған борышкерлердің берешегі өтеледі.

Айта кетсек, биыл 26 маусымда президент тұрғындардың кепілсіз кредиті бойынша борыш жүктемесін азайтуға қатысты жарлыққа қол қойған болатын. 507 мыңнан астам адамның банк алдындағы 620 мыңдай берешегі өтелді. Бұған мемлекет тарапынан 105 миллиард теңге жұмсалды. Бұл бір реттік акция екені айтылған болатын.



sputniknews.kz

Загрузка...