Тоқаев өзінің атына келіп түскен өтінішке жауап берді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Президент науқас балаларға арналған балабақша мен мектеп тәрбиешілерінің мәселесі шешілетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik.  Науқас балаларға арналған балабақша мен мектеп тәрбиешілері президентке құқықтарын мұғалімдермен теңестіріп, жалақы көбейту жөнінде өтініш жолдаған. Тоқаев бұл мәселені келесі жылы үкімет қарастыратынын айтты.

«Менің атыма науқас балаларға арналған балабақшалар мен мектептердің тәрбиешілерінен олардың құқықтарын мұғалімдермен теңестіріп, жалақыларын көбейту жөнінде өтініштер келіп түсуде. Үндеріңіз маған жетті. Келесі жылы Үкімет осы мәселені қарастырады», – деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Тағы оқыңыз: Жалақы екі есе өседі: Тоқаевтың сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Тамыз конференциясында Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтардың жалақысын төрт жыл ішінде екі есеге арттыруды тапсырған болатын. Ол білім саласында жалақы ең аз екенін атап өтті. Орта жалақының небәрі 65 процентіне тең.



sputniknews.kz

Загрузка...