Тоқаев Орал әуежайын қайта жөндеу жоспарымен танысты

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Тозығы жеткен Орал әуежайын қайта жөндеу және кеңейту жұмыстары биыл шілде айында басталады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орал»халықаралық әуежайын қайта жөндеу жоспарымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.   

1979 жылы іске қосылып, бүгінде тозығы жеткен Орал қаласының халықаралық әуежайына қайта жөндеу және кеңейту жұмыстары биыл шілде айында басталады. Жоспар бойынша 2020 жылдың соңында аяқталуы тиіс құрылыстың нәтижесінде, терминал көлемі 4 мыңнан 7 мың шаршы метрге дейін кеңейеді. Қазіргі уақытта терминалдың өткізу қабілеті – сағатына 200 жолаушы болса, жөндеуден кейін 400-ге дейін жететін болады. Қазір жылына 160 мың жолаушыға қызмет көрсетілсе, болашақта әуежай 350 мың жолаушыны қабылдап-шығарып салуға мүмкіндік алады.

Тоқаев 1 миллион қазақстандықтың жалақысын өсіретін заңға қол қойды

Қазақстан президенті әуежай терминалын қайта жөндеу Батыс Қазақстан облысында жайлы инвестициялық климат қалыптастырудың алғышарты екеніне тоқталды.

«Орал – Еуропаға шығатын басты қақпамыз. Шетелдік инвестицияға тартымды болу үшін мұндай жобаны сапалы әрі уақтылы орындау керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Орал халықаралық әуежайын қайта жөндеу жұмыстарына бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясы 2,4 миллиард теңге бөлген.



sputniknews.kz

Загрузка...