Шымкентте сот «қаржы жымқырды» деп айыпталған белсендінің ісін қарай бастады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

16 сәуірде Шымкентте Әл-Фараби аудандық соты Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы, белсенді Мұхтар Мұхамбетжанның ісін жабық қарай бастады. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Қоғам белсендісінің үстінен Қылмыстық кодекстің «Зорлау», «Жеке өмiрге қол сұқпау және Қазақстанның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу», «Сенiп тапсырылған бөтеннң мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу» баптарымен қылмыстық іс қозғалған.

Мұхамбетжан «Тұрғын үй Шымкент» мекемесін басқарып тұрғанда 113 миллион теңге жымқырды» деп айыпталған. Істе зорлау айыбы болғандықтан сот жабық өтіп жатыр. Жәбірленуші тараптың кім екені де айтылмайды.

16 сәуірдегі сот отырысына шағымданушы мен айыпталушының қорғаушылары қатысты.

Мұхамбетжан «зорлау оқиғасы болды деген уақытта қан қысымы көтеріліп ауруханада жатқанын» айтады.

«13 миллион теңге жымқырды деген айып тағылғанымен, дерек пен жәбірленуші жоқ. Мені тергеп жатқанда жанымда қорғаушым болмады. Қамаймыз деп, қорқытып-үркітіп, мойындатты» дейді ол.

Мұхтар Мұхамбетжан тағылған айыпты белсенділігімен байланыстырады. Ол – аймақтағы түрлі қоғамдық шараларға қатысып жүретін белсенді.

Azattyq

Загрузка...