Сенек ауылының әкіміне сөгіс жарияланды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әлеуметтік желі қолданушысы Маңғыстау облысына қарасты Сенек ауылы әкімінің ұлы әкімдікте жұмыс істейтінін, қызметтік көлікті тиісті мақсатта пайдаланбайтынын айтып шағымданған

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысында баласын жұмысқа алған ауыл әкіміне сөгіс жарияланды, деп хабарлайды жергілікті inaktau.kz порталы.

Тағы оқыңыз: Астана әкімі бірқатар шенеунікке шара қолданды

Әлеуметтік желі қолданушысы Сенек ауылының әкімі баласын жүргізуші ретінде жұмысқа алғанын хабарлаған. Сондай-ақ, ол әкімнің баласы қызметтік көлікті тиісті мақсатта пайдаланбайтынын айтып шағымданыпты.

Тексеріс барысында бұл дерек расталды. Әкім баласын жұмысқа не үшін алғанын түсіндірді. Ол ауылда басқа жүргізуші жоқ деп ақталды.

Тағы оқыңыз: Талдықорған әкімінің ұлы ұсталды ма? Әкімдік жауап берді 

«Сенек ауылдық әкімдігі тарапынан «көлік жүргізушісі» қызметі бойынша сұраныс түспеген. Ал қызметтік көлік ауылдағы мал басын тіркеп, оларға екпе жасау үшін пайдаланылған. Бұл жұмысты Сенек аудандық ветеринарлық станциясының мамандары атқарады. Әкім этикалық ережені бұзғанын мойындады. Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері мұны есепке алып, оған «сөгіс» түріндегі жазаны қолданды», – деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.



sputniknews.kz

Загрузка...