Ресейдің сыртқы істер министрі Қазақстанға келеді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сергей Лавров осы жылдың қазан айында Қазақстанға ресми сапармен келеді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 8-9 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы РИА Новости ведомствоның ресми өкілі Мария Захароваға сілтеме жасап хабарлады.

Айта кетейік, Қазақстан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов 2019 жылдың қаңтарында Мәскеуде болған еді.

Сапар барысында Сергей Лавров Қазақстан басшылығымен кездеседі, сондай-ақ екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша қазақстандық әріптесімен кеңеседі.

Тағы оқыңыз: Путин «Бәйтерекке» Назарбаевтың атын беруді ұсынды 

ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) сияқты құрамына Қазақстан мен Ресей кіретін ортақ мемлекетаралық бірлестіктердегі, сондай-ақ жетекші халықаралық ұйымдар, ең алдымен БҰҰ және ЕҚЫҰ алаңдарындағы ынтымақтастық жөнінде пікір алмасылады.

Лавров пен Атамқұлов өңірлік, халықаралық күн тәртібіндегі маңызды тақырыптар бойынша ұстанымдарды салыстырып, жоғары және жоғары деңгейдегі екіжақты және көпжақты шараларды өткізуге дайындыққа ерекше назар аударады.

Атап айтқанда, олар 2019 жылдың 7 қарашасында мемлекет басшыларының қатысуымен Омбы қаласында өтетін Ресей мен Қазақстан арасындағы ХVI өңіраралық ынтымақтастық форумының күн тәртібін талқылайды.  



sputniknews.kz

Загрузка...