Қазақстан президентінің күзет қызметінің бастығы кім

0

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — президенттің күзет қызметінің бастығын тағайындады, деп хабарлады Ақорда.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы президентінің күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Оған дейін бұл қызметке 2018 жылдың қарашасында Ардақ Әшімбекұлы келген еді.

Тағы оқыңыз:

Тоқаевтың досы президенттің отбасы туралы айтып берді

Тоқаевтың сыныптасы бұрын-соңды ешкім естімеген деректерді жариялады

Үкімет Тоқаевтың тапсырмасын 12 күнде орындап тастады



sputniknews.kz