Қазақстан мен Өзбекстан Арал түбіндегі шекараны демаркациялайды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Тараптар бұрынғы теңіз түбі аумағында далалық жұмыстар жүргізуге келісті

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Тартылып кеткен Арал теңізінің түбінде мемлекеттік шекараны белгілеу жоспары Жизақ қаласында өткен Өзбекстан-Қазақстан демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы кезінде айқындалды.   

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрші елдер Аралдың құрғап кеткен бөлігінде далалық демаркациялық жұмыстар жүргізуге келісті.

Отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Зүлфия Аманжолова мен Өзбекстанның жер ресурстары, геодезия, картография және мемлекеттік кадастр жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Тулкин Абдуллаев қол қойды.



sputniknews.kz

Загрузка...