Қарағанды облысының әкімі тағайындалды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

26 0 0

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін үкімет басшысының орынбасары болды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

«Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды», – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Фейсбуктегі парақшасында.

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек туралы не білеміз?

1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келді. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын архитектор-дизайн мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматыдағы «Темірбанк» ашық акционерлер қоғамында бас банкир қызметінен бастаған. Әр жылдары ҚР көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР көлік және коммуникация министрі, Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, министрі болды.

2019 жылдың 25 ақпанынан бастап ҚР премьер-министр министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Отбасы жағдайы

Әкесі – Махмұд Қасымбеков, 1990 жылдары ҚР президенті кеңсесін басқарған. Жұбайы – Ақжан Қасымбек. Ақерке, Жансая, Ләйлім есімді үш қызы бар.



sputniknews.kz

Загрузка...