Путин Тоқаевты әуежайға өзі шығарып салды – видео

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин 6-7 қараша күндері Омбыда өткен форум кезінде кездескен болатын

ОМБЫ, 8 қараша — Sputnik. ХVI өңіраралық ынтымақтастық форумы аяқталған соң Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты өзі шығарып салды.

«Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше құрметі мен ілтипаты оның Омбы әуежайына дейін келіп, әріптесін өзі арнайы шығарып салғанынан анық байқалды», – деп жазды Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Ол форумдағы кездесулерде достық ниет айқын көрініп тұрғанын атап өтті.

«Екі елдің көшбасшылары талқыланған барлық мәселелер бойынша бір пікірде болды, ортақ шешімге келді», – деді Уәли.

Форумда шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасының тұжырымдамасы қабылданды.



sputniknews.kz

Загрузка...