Президенттің ұшағы апатқа ұшырады | КТК

37
- Жарнаманы баса кетіңіз -
Президенттің ұшағы апатқа ұшырады


АҚШ президенті Дональд Трамптың жеке ұшағы Нью-Йорктегі LaGuardia әуежайында басқа ұшақпен соқтығысқан.

Оқиға 28 қараша күні таңертең болған. Бұл ақпаратты Trump Organization растады. Президенттің Boeing 757 ұшағы тұрақта тұрған кезде, оған Bombardier Global Express әкімшілік ұшағы соқтығысқан. Ұшақ Boeing-ті қанатымен іліп кеткен.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ұшақтың қалай зақымдалғаны әзірге хабарланбады. Әуежай өз жұмысын штаттық режімде жалғастырып жатыр. Трамптың Boeing 757 ұшағын 2011 жылы 100 млн долларға сатып алғаны белгілі. Ол бұл ұшақты 2016 жылы сайлауалды науқанында белсенді пайдаланған болатын. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Загрузка...