Павлодарлықтардың орташа жалақысы қанша – әкімнің жауабы

0

Өңір басшысы мамандар жетіспегендіктен, кейбір кәсіпорындарда жабдықтың 30 проценті тоқтап тұрғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik. Павлодар облысында орташа жалақы 165 мың теңгені құрап отыр. Бұл туралы бүгін өңір әкімі Болат Бақауов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Облыс бойынша орташа жалақы – 165 мың теңге. Ең жоғары айлық ірі индустриялық кәсіпорындарда, ал ең азы – ауыл шаруашылығы саласында тіркелген», – деді Бақауов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Павлодар облысында қазір 25 мың жұмыс орны бос тұр, он мыңы – тұрақты. Бақауов өңірде маман тапшылығы проблемасы барын мойындады.

«Павлодар – еңбек күші тапшы өңір. Облыста кәсіп ашу қиын емес, бірақ оны қажетті кадрлармен қамтамасыз ету үлкен мәселе. Қазір бізде мамандардың жетіспеуінен кейбір кәсіпорындарда жабдықтың 30 проценті тоқтап тұр. Бұл факт», – деді әкім.

Тағы оқыңыз: «Жалақы 50%-ке дейін өседі»: министр 2020 жылы болатын өзгеріс туралы айтты

Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, осы жылдың екінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,7 процентке жеткен.



sputniknews.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз