Павлодар облысында отбасы мінген көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жол апатынан кейін көлікте болған жүкті әйелді жедел түрде кесар тілігі арқылы босандыруға тура келді

ПАВЛОДАР, 14 қараша – Sputnik. Павлодар облысында жолға шығып кеткен жылқылар ірі апатқа себеп болды: көлік жүргізушісі қаза болды, ал оның әйелі мен үш кішкентай баласы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялова.

Құқық қорғау ведомствосының мәліметінше, осы жылдың 13 қарашасында кешкі сағат жеті шамасында Ленин және Ертіс елді мекендерінің арасындағы автожолда ВАЗ-21014 автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі жолға шығып кеткен жылқыларды соққан.  

Жол апаты салдарынан жүргізуші – 32 жастағы отағасы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жолаушылар – 1990 жылы туған әйелі және 2014, 2015 және 2017 жылы туған жас балалар ауруханаға жатқызылды.

Жүргізушілерге малдан келетін қауіп көп

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, осы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында жол бойында жайылып жүрген малдың кесірінен 42 жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан төрт адам қаза болды.

Тағы оқыңыз: Полиция қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады 

Полицейлер халыққа малды қараусыз қалдырмау қажеттігін үнемі ескертеді. Дегенмен жыл басынан бері иесіз жайылып жүрген 4561 бас мал анықталды. Мал иелеріне қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.



sputniknews.kz