Павлодар облысында ауылшаруашылық кооперативтері жабылады

27
- Жарнаманы баса кетіңіз -

Өңірде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны бар, сапасы жоқ. Нәтижесінде облыста ашылған 124 кооперативтің  қазір 30-ың жұмысы тоқтап қалған. Тіркелген 51- кооператив  жұмыс істемейді.

Мысалы, Железин ауданында 5 кооперативтің бірде-бірі жұмыс жасай алмаған. Облыс орталығындағы  5 кооперативтің екеуі, Успен ауданында 12-кооперативтің  5 жұмысын тоқтатыпты.

Жергілікті әкімдіктер шикізат жоқ,кооперативтер бағытын  басқа салаға өзгерту қажет деген сылтаулармен байланыстырдуда.

Сондықтан, облыс әкімі Болат Бақауов жұмыс істемейтін, жұмыс істей алмайтын ауыл шаруашылығы кооперативтерінен енді пайда жоқ екенін,  жабу керектігін айтты.  

Ал, жалпы өңірде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға биыл қайтарымсыз 10 млрд. теңге субсидия, қаржы институттары арқылы 11 млрд. теңге жеңілдетілген несие беріліпті. Бірақ, Мемлекеттік қолдауға ие болған шаруашылықтарда ашылған жаңа жұмыс орындары, әлеуметтік жауапкершілік, төлейтін салық көлемі мен жұмысшылардың жалақысы туралы ақпараттар байқалмайды.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Ақсу қаласы мен Шарбақты, Ертіс аудандарында өсімдік шаруашылығы өнімдерінің азайған. Жалпы, биыл 900,5 мың тонна дәнді дақыл жиналыпты.  Астық қабылдайтын кәсіпорындарда 127,6 мың тонна астық бар. Жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің 301 мың тоннасы сыртқы нарыққа сатылыпты.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Загрузка...