Оттек және озон — Химия

0

 

«Бейнеролик. Пікір алмасу».

 

Интерактивті тақтадан «Ауа. Табиғат. Оттек. Озон қабаты» туралы сюжеттер көрсетіледі. Сюжетке байланысты ойларын айтып, жаратылыстану, физика пәндерінен алған білімдерін қайталайды. «Өте дұрыс», «жарайсың» деген сөздер арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

 

 

Жаңа тақырыпты ашу.

 

Жаңа сабақ: «Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясын қолдана

 

отырып топтасып отырған оқушыларға тақырыпшалар беріледі.

 

     Тақырыпша:

 

1. «Оттектің аллотропиялық түрөзгерісі

 

2. Озонның қасиеттері;

 

3. Озонның алынуы;

 

Әр топ мәтін бойынша алған ақпараттарымен алмасады.

 

Дескриптор:

 

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды мағынасын ашады.

 

Шығармашылығына, өмірмен байланыстылығына мән береді.

 

Қалыптастырушы бағалау: топтар бірін бірі «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

 

 

   1. Тапсырма: «Bенн диаграммасы».

 

1. Оқушылар оттекпен озонның қасиеттерімен құрамын анықтайды.

 

 

      Дескриптор:

 

      Оттегі мен озонның қасиеттерін анықтайды.

 

      Құрамы мен ұқсастығын салыстырады.

 

      ҚБ: Ауызша мадақтау

 

      2. Тапсырма. «Зигзаг» әдісі.

 

Берілген тапсырмаларды ортаға салып, алдымен жұптасып, одан кейін басқа топтармен бөліседі.

 

а) Мына реакция теңдеулерін аяқта.

 

    O3 + KI + H2O

 

    Ag + O3

 

ә) Сутек пероксидінен оттек алу реакциясының теңдеуін жазып, 16 г оттек алу үшін қажетті сутек пероксидінің массасын есептеңдер.

 

б) Не себепті оттекті тотығу процесінде, ал озонды бактерияны жою үшін қолданады.

 

    Дескриптор:

 

Оттегімен озонның қасиеттерін біледі.

 

Реакция теңдеуін жазып, есепті шығара алады.

 

     3. Тапсырма. «Жер бетіндегі тіршіліктің сақталуына озон қабатының рөлі» эссе жазу.

 

        Дескриптор:

 

        Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсінеді.

 

        Критерийалды бағалау: