Нұр-Сұлтанның әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде: Facebook, Twitter, Instagram

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Алтай Көлгінов Facebook желісінде жеке парақшасын ашты

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Алтай Көлгінов Facebook желісінде жеке парақшасын ашқанын мәлімдеп, астаналықтардың барлық өтініші мен ұсынысын қарауға уәде берді.

«Құрметті достар! Twitter және Instagram-нан бөлек, қолданушысы көп Facebook әлеуметтік желісінен де жеке парақшамды ашуды ұйғардым. Цифрлық технологиялар дамыған бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер – тұрғындардың жедел ақпарат алып, жаңалықтармен бөлісетін бірегей диалог алаңы әрі, тиімді байланыс құралы екені сөзсіз», – деп жазды әкім.

Көлгіновтің айтуынша, әлеуметтік желілер арқылы елорда халқы әкіммен байланысқа шығу мүмкіндігіне ие болады.

«Тұрғындар тарапынан келіп түскен барлық өтініш пен ұсынысты міндетті түрде қарастырамыз. Бірлесе жұмыс істеуге және ашық диалог орнатуға әрқашан дайынмын. Қаламызды жайлы, мықты, гүлденген және бұдан да әдемі болуына бірге атсалысайық!», – деді Алтай Көлгінов.

Айта кетсек, кеше Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әкімге ұйымдастырушылық қабілеті мен біліктілігі жоғары жас маман деп баға берді.

Тағы оқыңыз: Елорданың жаңа әкімі Алтай Көлгінов туралы не білеміз?

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Алтай Көлгіновтің Батыс Қазақстан облысында бірнеше жыл табысты еңбек етіп, жергілікті халықтың алдында зор беделге ие болғанын атап өтіп, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне тағайындау туралы шешімді оның білімі мен тәжірибесін ескере отырып қабылдағанын айтты.



sputniknews.kz

Загрузка...