Нұр-Сұлтанда лифтіде дәрет сындырған әйелдің кім екені белгілі болды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әйел 5 АЕК (12 625 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Елорда полицейлері «Мұнар» тұрғын үй кешеніндегі лифтіде дәрет сындырған әйелді тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 36 жастағы әйел туысқандарына қонаққа барған.

Полицейлер Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама толтырды. Бұл бап бойынша заң бұзған адамға 5 АЕК (12 625 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Нұр-Сұлтанда «Мұнар» тұрғын үй кешенінде тәуір киінген әйелдің лифтінің еденіне дәрет сындырып жатқан сәті сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған болатын.

Видео Instagram-дағы eto_astana_detka парақшасында жарияланды.



sputniknews.kz

Загрузка...