Храпуновтар ісі: Швейцария прокуратурасы тергеуді тоқтатты

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Виктор Храпуновқа қатысты тергеу шаралары алты жыл бұрын басталған болатын. Тексеру кезінде экс-әкім Швейцарияда тұрды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Швейцария прокуратурасы Алматы қаласының экс-әкімі Виктор Храпуновқа қатысты тергеуді тоқтатты, деп хабарлады Reuters.

Тергеу шаралары алты жыл бұрын басталған болатын. Осы іс бойынша Храпуновтың өзі және оның отбасы мүшелері жауапқа тартылған еді. Тергеу кезінде экс-әкім Швейцарияда тұрды.

«Мемлекеттік айыптаушы істі тоқтату туралы бұйрықты шығарғанын растайды. Осы құжаттар барлық мүдделі тарапқа 14 қарашада жіберілді. 25 қарашаға дейін бұйрыққа қатысты шағым түсіруге болады», – деді Женева прокуратурасының өкілі.

Айта кетейік, 2018 жылы Қазақстан соты Виктор Храпуновтың ісі бойынша сырттай үкім шығарып, оны жемқорлық пен мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін 17 жылға бас бостандығынан айырды.

Тағы оқыңыз: Алматыда ерлі-зайыпты Храпуновтардың соты басталады

Экс-әкім өзіне тағылған айыптарды мойындаған жоқ. Оның жұбайы – Лейла Храпунова 14 жылға, күйеу баласы Айяр Ілиясов 5 жылға сотталды. Храпуновтар отбасы 2007 жылдан бері Қазақстанда тұрмайды.



sputniknews.kz

Загрузка...