Ерекше көйлегін көрсеткен қазақ қызы Таиландқа аттанды (фото) – новости Казахстана

97
- Жарнаманы баса кетіңіз -

«Алматы аруы-2017» атанған Сәбина Әзімбаева «Ғаламшар аруы-2018» сұлулық байқауына қатысу үшін Таиландқа аттанды. Бұл туралы «ҚазАқпарат»-қа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Өткен аптада Алматы қаласында өткен баспасөз конференциясында Халықаралық бизнес университетінің (UIB) студенті, «Алматы аруы-2017» атанған Сәбина Әзімбаева өзінің сән жолындағы жетістіктері мен «Алматы аруы» байқауына қатысқаны туралы, алдағы сайыстарға дайындығы туралы айтқан еді.

Сондай-ақ, алматылық ару байқауға киетін киімдерін де көрсетті. Ол халықаралық сұлулық сайысында 27 көйлек киеді.

Бойжеткен ақтық сынға бұрынғы үміткерлер секілді ұлттық киім емес, мемлекеттік рәміз бейнеленген костюммен шығады.

Загрузка...