Елімізде көкөністер айтарлықтай қымбаттаған – Нарық

92
- Жарнаманы баса кетіңіз -

Елімізде қараша айында көкөністер айтарлықтай қымбаттаған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, қарашада қияр 43 пайызға, ал қызанақ 38 пайызға қымбаттаған.

Ал арзандаған көкөністердің тізімінде сәбіз, қызылша және картоп тұр.»Супермаркеттер мен базарларда қияр бірден 43 пайызға, қызанақ болса 38 пайызға қымбаттаған. Орамжапырақ та 2,5 пайызға қымбаттады. Бірақ сәбіз, керісінше, 3,2 пайызға, қызылша 2,4 пайызға және картоп 0,7 пайызға арзандаған. Ал жеміс-жидектердің ішінде тек апельсин қымбаттаған», – дейді мамандар.

Сондай-ақ, бір айда тауық етінің 3 пайызға және жұмыртқаның 3,2 пайызға қымбаттағаны айтылады.

Ал сусындар қараша айының қорытындысы бойынша орташа есеппен 0,3 пайызға қымбаттаған.

Загрузка...