Димаш Құдайберген Санкт-Петербургте концерт береді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әнші Санкт-Петербургтегі Мұз сарайының залына сиятын 12 мың көрерменге арнап бейнеүндеу жазды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген тыңдармандарын Санкт-Петербургте өтетін жеке концертіне шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шоу 29 қарашада Санкт-Петербургтегі Мұз сарайында өтеді.

«Сіздерге 29 қараша күні Ресейдің мәдени астанасы Санкт-Петербург қаласында менің алғашқы үлкен жеке концертім өтетінін қуана хабарлаймын», – деді Димаш өзінің бейнеүндеуінде.

29 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайбергеннің «Арнау» атты ән кеші өткен болатын. Сол кезде Қазақстан астанасына әлемнің түкпір-түкпірінен әртістің фанаттары келді.

Тағы оқыңыз: Димаштың ұстазы шәкіртіне қандай кеңес бергенін айтты

26 қазанда қазақстандық әнші Нью-Йоркте Игорь Крутойдың 65 жылдығы құрметіне өтетін кеште өнер көрсетеді. Ал 29 қарашада 12 мың тыңдарманын Санкт-Петербургте үлкен концертімен қуантады.



sputniknews.kz

Загрузка...