Димаш Құдайберген аңызға айналған әнші Андреа Бочеллимен кездесті – видео

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Танымал қазақстандық әнші кездесудің видеосын әлеуметтік желілердегі аккаунтында жариялады

АЛМАТЫ, 15 мамыр — Sputnik. Димаш Құдайберген әлемдік музыканың аңызы, италиялық әнші Андреа Бочеллимен кездесті.

Бочелли Димаштың ғажайып дауысы бар екенін атап өтіп, оған сәттілік тіледі.

Кездесу қай елде өткені белгісіз. Дегенмен италиялық тенор Twitter-де сәрсенбі, 15 мамырда Бейжіңдегі Олимпиада саябағында Азиялық өркениеттер арасындағы диалог жөніндегі конференция аясында өтетін «Азия мәдениеті карнавалына» (CDAS Asian Culture Carnival) қатысатынын хабарлады.  

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақ әншісі өзінің Instagram-дегі аккаунтында әлемдік деңгейдегі әншімен дуэт айтуды жоспарлап отырғанын жазды.

Димаштың көптеген жанкүйері әңгіме Андреа Бочелли немесе Лара Фабиан жайлы болып отыр деп болжады.



sputniknews.kz

Загрузка...