Бішкекте Путинге қарсы акцияға шыққан ерлі-зайыптының ісі тоқтады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қырғызстанға биыл көктемде Ресей президенті Владимир Путин сапарлап келерден бұрын Путинді сынап Ресейдің Бішкектегі елшілігі алдында акция өткізген ерлі-зайыпты үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтады. «Қылмыс құрамы болмауына байланыс істің тоқтағанын» Азаттықтың Қырғыз қызметіне белсенді Нурлан Карымшаков пен Гүлзана Имаеваның адвокаты Замира Жоошева хабарлады.

Карымшаков пен Имаеваның үстінен Қырғызстан қылмыстық кодексінің «ұлттық алауыздық қоздыру» бабымен іс қозғалған еді. «Психологиялық-лингвистикалық және комиссиялық лингвистикалық сараптама қорытындысын негізге алып, тергеуші істі тоқтату туралы шешім қабылдады» деді адвокат.

27 наурызда, Путин Бішкекке сапарлап келерден бір күн бұрын ерлі-зайыпты Карымшаков пен Имаева Ресей елшілігі алдына барып, «Путин – агрессор, қанішер» және «Ыстықкөлде Путиннің зымырандарына орын жоқ!» деген жазуы бар плакаттар ұстап, наразылыққа шыққан. Акция кезінде оларды милиция ұстап, артынша белсенділердің пәтерін тінтіген.

Видео: Путинге қарсы пикетке шыққан ерлі-зайыпты сотқа тартылды (29 наурыз 2019 жыл).

Azattyq

Загрузка...