Әзілкеш: Пәктігін сатқан қыздың арқасында бізді әлем танып жатыр – Қазақстан жаңалықтары

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әзілкеш, жайдарманшы Нұрболхан Шарапов пәктігін саудалаған қазақ қызын жария еткен «Өз ойым» бағдарламасына тағы сын айтты. 

Әзілкеш: Пәктігін сатқан қыздың арқасында бізді әлем танып жатыр

Әзілкеш Нұрболхан Шараповтың айтуынша, бағдарламаға шыққан қызды шетелдік басылымдар да жарысып жазып жатқан көрінеді. Ол парақшасына қытайлық және қырғыздық басылымдардың жариялаған ақпаратын көрсетті. 

«Енді бізді әлем танып жатыр. Қазақ қызын көрсеткен еңбектеріңіз сіңді, «Өз ойым». Қытайлықтардың әлем халқы бойынша төрттен бір халықты құрайтынын білесіздер. Бұдан кейін шетелде қазақпыз деп қалай жүреміз?» – деп жазды әзілкеш.

Әзілкеш: Пәктігін сатқан қыздың арқасында бізді әлем танып жатыр

«Кезінде ата-бабамыз жерімізді елімізді сақтап қалу үшін өз өмірлін қиып күресіп, тәуелсіздігін алуды аңсап, қалған біздей ұрпақтарына жерін, елін, дінін, тілін қалдырды. Қазіргі ұрпақтарының жасап отырғаны мынау. Қазіргі кезде хайп-хайп деп барлығы дерлік қыздарымыз шешінуге, отан қорғар ұлдарымыз боянуға дерлік жетті. Алла сақтасын!! Бұл жерде кінә тек қыздарда емес, «Өз ойымда» да емес екі жақта. Екі жақта рейтинг, хайп, жалған атақ үшін осындай төмен дәрежеге түсті. Әуелі өз ойымның кінәсі осындай телеарнада жұмыс жасап отырып, осындай жиіркенішті әрекетке барып өз қарындастарының арын ел алдында таптатқаны», – деп жазд желі қолданушысы. 

Желідегі оқырмандар арасында әзілкештің өзін сынап, өзіне жарнама жасап жүр деп пікір айтқандар бар. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақ қызы бағдарламаға келіп, пәктігін сататынын мәлімдеген еді. Бұл жайт желіде қызу талқыға түсті. 


Діни басқарма өкілі: Қыздың обалына қалып, бағдарламаға бедел жинап тапқан тамақ өңештен қалай өтер екен

stan.kz

Загрузка...