Астана жаңалықтары: көшеде пышағын жалаңдатып жүрген жігіт ұсталды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Нұр-Сұлтан полициясы көшеде пышақпен сес көрсеткен ер адамды ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы көшеде пышағын жалаңдатып жүрген 35 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары қаруланған жігітті 11 шілде күні сағат 19.00 кезінде Қажымұқан көшесінде ұстаған.

«Полиция қызметкерлерінің заңды талабына ол барынша қарсылық көрсетті. Азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғанын көріп, шалт қимылдаған полиция аға лейтенанты Абзал Жолмахов пышақпен қаруланған ер адамды ұстады», – делінген хабарламада.

Ұсталған жігітті «Алматы» ауданының полиция басқармасына апарыпты.

Тағы оқыңыз: Қыз-келіншектерге қырғидай тиетін азғын бостандықта жүр

Белгілі болғандай, Павлодар облысының 35 жастағы тұрғынына қатысты Ақмола облысының полиция департаменті бұдан бұрын жедел іздеу шараларын жүргізген.



sputniknews.kz

Загрузка...