Астана-Қарағанды тас жолы жабылды | КТК

44
- Жарнаманы баса кетіңіз -
Астана-Қарағанды тас жолы жабылды


Ауа райы қолайсыздығына байланысты бірнеше қала маңы бағдары қызметін тоқтатты. 

Астана — Қарағанды тас жолы ауа райы қолайсыздығына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды Astana LRT баспасөз қызметі. Бұдан бөлек, №313, 315, 316 және 318 қала маңы бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қозғалыс қалпына келтірілгенде қосымша хабарланады, дейді компания.

Бейсенбі күні түс ортасына қарай елордада ауа райы күрт бұзылды – желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, боран соға бастаған. Ауа райы қолайсыздығына байланысты мектептерде екінші ауысымның 0-11(12)-сыныптары үшін сабақ болмайтын болды.

Синоптиктер Астанада дабылды ескерту жариялады. Олардың болжауынша, жұма күні қар жауып, боран соғып, көктайғақ болуы ықтимал. Сынап бағанасы түнде 15-17 градус аязға дейін төмендейді.

Дереккөз: Sputnik

Загрузка...