Астана философиясы. Елорда жазбалары

45
- Жарнаманы баса кетіңіз -

Мәңгілік қашанда мифтің қор­шауын­да жүреді. Мифтің өзі – қай­шы­лықсыз, тұ­рақты, өзгермейтін форма. 

Уақыт – мәңгіліктің кезеңдік өмір сү­ру қалыбы.

Бүкіләлемдік, дүниежүзілік, қала бер­­ді, ұлттық маңызы бар уақыт, кезең­нен асқанда, мәңгілік сипатқа ие болады. 

1. Кешегі, жылына төрт мезгіл салқар көш түсетін, ұшан-теңіз шалқар дала, көшпелі жұрт маршруты, бүгінде көлік қап­таған қара жолға айналды.

Тегі, атақ-даңқы асқан, сақаралық Ұлы дала (Тәңірі мен Ұмай ана) аңыз-әф­­санасынан (вертикальды логика) жа­рал­ған, қазақ қонысы жайлы, азат­тық ту­ралы, жаугершілік заманда, алаш­ты­ күреске шақырған, Асан қай­ғыдан Ны­сан­бай жырауға дейінгі жеке тол­ғау­лар, жаңа кезеңде заманауи тарихи уақи­­ғаларды (Тәуелсіздік жылдары) қам­тыған эпостық (қазіргі қазақ поэзия­сы) дас­тандар (горизонтальды логика) кө­ле­­міне жетті.

Тікелей байланыстағы әрбір оқшау аңыз пафосы, жеке әфсана қаһарманы туралы философия кейін жұртпен бірге, қатар өмір сүретін халықтық эпосқа айналады.

2. Астана – постмодернистік (модерн­дік) архитектуралық сана, адамзат ақыл-ойы жеткен меже, озық сәулет өне­рі, ғылыми-техникалық даму­дың, техно­ло­гиялық табыстың көрінісі.

Күрделі конструкциялық шешімдер­дің, алдыңғы қатарлы, үздік құрылыстық-ин­женерлік ойдың жемісі.

Ғылымнан жаратылған қала, филосо­фиялық толғаныстан туған шаһар.

Біздің мифологиялық қуанышымыз, ақыл-ой, сана-сезім, тылсым-түйсіктің қосылған тұсы, бар қаһармандары ба­қытына жетіп, күллі халқының арманы орын­далған ертегідей елді мекен.

3. Астанада айтылған әрбір сөздің жалпыхалықтық сипаты, елдік қасиеті,  абыз оқыған дұғадай  киесі бар, күші әсе­рінен білінеді, қуаты тау қопарады, тас тіледі, дауысы жер жарады. 

Ой-қиялдан өрнек салған елорда – жарқын келешектің кескін-келбеті, асыл мұратқа талпынған Қазақстан об­разы, есейген елдің кейпі, тәуелсіз мемлекеттің символдық бейнесі.

Елорда елмен бірге жайнап, ен даламен қатар құлпырып, дамып, өсіп- өніп ке­леді.

Бас қала бойынан киіз туырлықты қазақ­тың қасиет-құндылықтарын, мінез-құлқын көруге болады: өр, еңбекте бей­нетқор, тапсырмада белсенді, қиялында ұшқыр, білімде озат, жұмыста озық, тәрбиеде өнегелі.

Әр алашқа туыс, бар қазақ жұртына мақтаныш, елдің еңсесін көтеріп, халық­тың бойын тіктеген рух.

Көрмеген көруге асығатын, көрген ке­те алмайтын, кеткен ұмыта алмайтын қала.

4.Ерте тұрған қазақ елорданың уақы­тымен жүреді, кеш оянған қазақ Астана­ға қарап сағатын түзетеді.

Астана уақыты – қазақтың уақыты. Бар Қазақстан жұртшылығы қайда жүр­се де, қайда өмір сүрсе де, Әнұранды шыр­­­­­­­­­­қап, тегіс қатар жатып, түгел бірге оя­­­­на­­ды.

Астана сағаты азат шақтың алтын мез­гілін көрсетеді.  

Елорда төрт тараптың басын қосқан жол торабы, жан-жаққа жол сілтейтін жо­лайырық. Шартараптың қиылысы. Қазақ сақарасы, алаш аймақтары, елді мекен­дерден шыққан көштің бәрі тегіс Астанаға апарады.

5.Қазақ деп соққан алаш жүрегі алып-­ұшып Астананың алып жүрегімен бір­­­­ге, қателеспей, жаңылмай, адаспай, қа­тар соғып тұрады.

Бағы жанып, байрақ тағып, бар қазақ үкі­­леген азат күннің алтын таңы атқалы ба­­қыт­тың бар екені алаш есіне түсті.

Азаптың қорлық түні ұмытылды.

Жазиралы гүл-бәйшешек жерінде, жа­расып гүлдесте көшет легінде, ертегі елін­дей жүреміз шалқып, жүргенде Елор­­да көшелерінде.

Бас шаһар. Елбасының төл перзенті.

Дидар АМАНТАЙ,

жазушы

Загрузка...