Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Түркістан, Маңғыстау

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қазгидромет синоптиктері елдің бірқатар өңірінде жел күшейіп, қар жауатынын хабарлады. Үш өңірде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Батыс пен солтүстік-батыста жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік пен шығыста та қар күтіліп отыр. Тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз.

Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейіп, солтүстік пен шығыста көктайғақ, бұрқасын болады.

Дабылды ескерту

Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады. Жылдамдығы – 15-20 м/с.

Қостанай облысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, жылдамдығы  – 18 м/с.  

Маңғыстау облысында 13 қараша күні тұман түседі.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында да тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Ақмола өңірінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Шығыс Қазақстанда  – боран, Қостанай облысында – тұман күтіліп отыр.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты

Алматы облысында түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Жалаңашкөл жақта желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Жамбыл облысында тұман күтіліп отыр. Түнде және таңертең 15-20 м/с жел болады.

Түркістан облысында да желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертең Қарағанды облыстарында тұман болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Шымкентте жауын-шашынсыз, күн ашық. Күндіз 12-14 градус жылы, түнде 1-3 градус нөлден жоғары.

Алматыда да жауын-шашын болмайды. Сынап бағанасы күндіз 6-8 градус жылы, түнде плюс 1-3 градусты көрсетеді.

13 қараша күні астанада күн ашық болады. Күндіз температура минус 1-3 градус, түнде 4-6 градус салқын.



sputniknews.kz

Загрузка...