Ақтауда балаларды ұрған тәрбиешілерге қатысты сот үкімі шықты

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ақтау қаласындағы №55 «Таңшолшан» балабақшасының қызметкерлері балаларға қатыгездік көрсетіп, оларды ұрып-соққан екен

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысында балаларды ұрып-соққан тәрбиешілерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды жергілікті Lada.kz порталы.

Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сай, Ақтау қалалық сотында №55 «Таңшолшан» балабақшасының тәрбиешілері мен көмекшілеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сот балабақша қызметкерлерінің кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатыгездік көрсеткенін анықтады. Олар балғындардың басынан, қолынан және жамбасынан ұрған. Тәрбиешілер балалардың денесіне зақым келтіріп қана қоймай, бүлдіршіндерді қорқытып-үркітіп орындықта отыруға мәжбүрлеген, ойыншықтармен де ойнатпаған», – делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: Балабақшада балалар кішкентай қызды жабылып соққыға жықты – видео

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 140-бабы, 2-тармағы (кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша қозғалған қылмыстық іс сот үкімімен медиация негізінде (ҚР Қылмыстық кодексі 68-бабы, 1 тармағы – татуласуға байланысты қылмыстық жауаптан босату бойынша) тоқтатылған.

Кәмелеттік жас толмағандардың өкілдерімен шағым түскен тарап келісімге келген. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2019 жылдың маусымында Ақтау қаласындағы №55 «Таңшолшап» балабақшасының тәрбиешілері балаларға ойыншықтармен ойнауға тыйым салып, оларды сағаттап орындықта отырғы мәжбүрлеген. Бұл жағдай бейнебақылау камераларына жазылып қалған.



sputniknews.kz

Загрузка...