Алматы облысында әйел мен оның екі ұлының мәйіті табылды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Құтқарушылар келген кезде екі қабатты үй толығымен отқа оранған. Қаза болғандардың мәйіті бықсыған үйіндінің астынан табылды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйтерек ауылында өрт әйел мен оның балаларының өмірін қиды, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Сенбі, 16 қарашаға қараған түні, сағат 00:48-де өртке қарсы қызметтің пультіне «Труженник» саяжайындағы екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Шығыс Қазақстанда бүтін бір отбасы отқа оранған үйде қалып қойды 

«Өрт сөндірушілер келген кезде үй толықтай өртке оранған. Жалын сағат 02:36-да сөндірілді.Оқиға орнында үйінділерді аршу кезінде жартылай күйген үш мәйіт табылды: 34 жастағы үй иесі мен оның 5 және 11 жастағы екі ұлы», – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Тағы оқыңыз: Министрлік «времянкада» тұруға тыйым салуды ұсынып отыр 

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қызыл жалынды сөндіруге Алматы облысы ТЖ департаментінің 14 қызметкері мен үш өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.



sputniknews.kz

Загрузка...