Алматы дүкендерін тонаған қарақшы ұсталды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Күдіктіге Қырғызстанда іздеу жарияланғаны анықталды

АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Алматыда дүкен тонады деген күдікпен Қырғызстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алмалы аудандық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, Алматыда пәтер жалдап тұрған күдікті күнкөрісіне қажетті ақшаны ұрлық жолымен тапқан. Ол қаладағы дүкендердің бірінде ешкім жоқ кезді пайдаланып, сатушыға бас салған. 

«Күдікті сатушыны есінен танғанша қылқындырған. Әйел сылқ ете түскенде, ол кассаға жүгіреді. Бірақ дүкеннің кассасында ақша болмай шықты. Содан ол жерде жатқан әйелдің қалтасын тінти бастайды. Қолына түскен ұялы телефонды сатып, керегіне жаратқан. Сатушы әйел аман, ол тек талып қалған»», — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдібаев.

Бұл іске қатысты қылмыстық кодекстің 192-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицияның хабарлауынша, қырғыз жігітінің өзге де қылмысқа қатысы бары анықталды

«Күдіктінің Медеу ауданында осыған ұқсас қылмысы дәлелденді. Зардап шеккендер мен оның қылмысына куә болғандардың мына телефондарға қоңырау шалуын сұраймыз: 254-46-12; 254-46-01 немесе 102», —  деді Меңдібаев.



sputniknews.kz