Әлем чемпионы Қазақстанға келіп, мәлімдеме жасады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Сондерс рингке шығып, Головкинмен «БарысАренада» жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде — Sputnik. Супер орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс Нұр-Сұлтандағы бокс кешіне келді, деп хабарлады Sports.kz.

Жекпе-жектердің бірі аяқталғаннан кейін Сондерс рингке шақырылды, ол қысқаша сөз сөйледі. Атап айтқанда, британдық экс-әлем чемпионы Геннадий Головкинмен әлі де жұдырықтасқысы келетінін жария етті.

«Қазақстандық жанкүйерлерге жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтамын. Мен осында, «БарысАренада» Головкинмен жұдырықтасқым келеді! Бұл тамаша жекпе-жек болады, осы мүмкіндікті пайдаланып, онымен осында, Қазақстанда кездессем деймін», — деп мәлімдеді Сондерс.  

Ол жақында Фрэнк Уорренмен және командасымен бірге бір үстелдің басына отырып, мәселені шешетінін атап өтті.

Тағы оқыңыз: IBO Головкиннің келесі қарсыласын таңдады 

«Қайталап айтамын: Головкин сені жекпе-жекке шақырамын, сенімен «Барыс Аренада» кездескім келеді! Қазақстанның фанаттары керемет, олар бұл жекпе-жекті көруге лайықты!», — деп түйіндеді әлем чемпионы. 



sputniknews.kz

Загрузка...