18 қыркүйекте қандай іс-шаралар өтеді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Sputnik Қазақстан агенттігі 18 қыркүйекте болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 19-23 қыркүйекке не жоспарланғанын біле аласыз

18 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – «Невада – Семей» ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалысының 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді. Шараға жақын және алыс шетелдің 10 мемлекетінен қонақтар келеді (Қазақ ұлттық өнер университеті (Шабыт), Тәуелсіздік даңғылы, 50).

09.00 – Азия-Тынық мұхит аймағы PATA Travel Mart 2019 халықаралық туристік көрмесі өтеді. Көрмеге әлемнің 60 елінен туризм индустриясының мыңға жуық өкілі қатысады (Көрме орталығы, Байланыс телефоны: +7 (7172) 76 98 56, +7 701 526 30 50).

10.00 – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері хатшылығының ХVIII отырысы өтеді. Жиынға Дариға Назарбаева төрағалық етеді (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 57. Телефон: +7 778 101 52 45).

15.00 – ҚР ұлттық олимпиада комитетінің бас ассамблеясы («St. Regis» қонақүйі, Қабанбай Батыр даңғылы, 1. Аккредитация: [email protected]).

АЛМАТЫ

09.00 – Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігінің кредиттік тәуекелдерге арналған 8-ші Алматы конференциясы өтеді («Ритц-Карлтон» қонақүйі, Әл-Фараби даңғылы, 77/7. Аккредитация: [email protected]).

10.00 – III кредиттік ұйымдар форумы. Оған 155 ұйымнан 200 адам қатысады (Өтетін орны ALMATY қонақүйі, Қабанбай батыр көшесі, 85. Байланыс телефоны: + 7 747 777 33 19).

11:00 – «Көлік және логистика нарығы» тақырыбында II Халықаралық конференция өтеді. Биыл қатысуышалар көлік саласын дамытудың біраз мәселесін талқылайды. Соның ішінде әуе жүк тасымалы, автокөлік инфрақұрылымын жетілдіру, контейнерлік тасымал саласындағы негізгі өзгерістер, цифрландыру және осы саладағы заңнаманы жетілдіру шаралары бар. («Атакент» орталығы, Тимирязев көшесі, 42. Байланыс телефондары: +7 705 30 80 444, +7 747 441 50 25).

11.00 – Алматы технологиялық университетінде баспасөз күні өтеді. Басты тақырып: ребрендинг, университет таңбасы мен атауын өзгертті: Almaty Technological University. (ATU, Төле би көшесі, 100. Байланыс телефоны: +7 707 776 05 80).

12.00 – Mining and Metals Central Asia 2019 кен өндірісіне арналған 25-ші Орталық Азия мерейтойлық көрмесінің ашылуы. Шараға индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев, ТОО «Полиметалл Еуразия» ЖШС бас директоры Қанат Досмұқаметов, «Тау-Кен Самұрық» ҰК бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Нұрлан Саурамбаев («Атакент», Тимирязев көшесі, 42. Байланыс телефоны: +7 705 30 80 444, +7 747 4415025).

19 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

«Қазақстандағы экспорттық әлеует» тақырыбында бірінші вебинар өтеді. Шараны «Атамекен» ҰКП жанындағы Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ұйымдастырады. Онлайн-семинарда кәсіпкерлер мен мамандар өздерін толғандырған сауалға жауап таба алады. Семинарға қатысу тегін. Сондай-ақ оған қатысқан адамға арнайы сертификат беріледі. (Шараға Atameken.co. сайты арқылы және 8-771-975-19-84, 8-705-292-78-03 телефондары арқылы тіргеу жүргізіледі).

АЛМАТЫ

Жоғары білім мәселесіне арналған QS Worldwide-2019 саммиті өтеді. Жиынға Орталық Азия елдерінен келген академиктер, профессорлар қатысады (Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті).

20 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – ҚР ұлттық экономика министрлігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында интернет-конференция өтеді. Конференцияға қатысушылар «Дипломмен ауылға» бағдарламасын талқыға салады. Желі қолданушыларының сұрағына ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов жауап береді (конференция https://www.facebook.com/pressmnerkgmail осы сілтеме бойынша көрсетіледі).

21 қыркүйекке жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 – #EXPOHOMSTERS жылжымайтын мүлік көрмесі өтеді. Шара 2 күнге жоспарланған. Оған құрылыс компаниялары мен банктер қатысады (Самал-2 шағын ауданы, «Достық Плаза» сауда орталығы).

22 қыркүйекке жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

09.00 – Developing Leadership Day атты XII білім беру форумы өтеді. Шарада түрлі тренинг пен мастер-кластар, әрі студенттер мен жоғары оқу орнын бітірген түлектер үшін бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады (КИМЭП университеті, Абай көшесі, 4. Байланыс телефондары: +7 777 320-86-18).

23 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – «Орта Азия және Каспийдегі мұнай өңдеу және мұнай химиясы» тақырыбында 6-шы халықаралық конференция өтеді. Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Қырғызстанның мұнай өңдейтін және мұнай-газ химиясы саласындағы компаниялары мен инжиниринг және технология саласындағы халықаралық компаниялар қатысады (Отель Hilton қонақ үйі, Сауран көшесі, 46).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...