Скачать Ғазизхан Шекербеков Аға (2019) текст песни

0

 

 Скачать

Саған менің көзімменен қараса

Сөзімменен алмайды ешкім таласа

Сен биіксің аға сенің қасыңда

Алатау да, қаратау да аласа

Маған сендей ешкім құшақ ашпайды

Күннің өзі нұрын сендей шашпайды

Керек десең аға сенің қасыңда

Төрт мұхит та тобығыңнан аспайды

[Қайырмасы]
Осы күнім татитындай ғасырға
Абыройың асуда
Мен өзімді хан ұлындай сезінем
Аға сенің қасыңда
Іні болған аға сендей асылға
Бақ бар екен басымда
Ешкім менің жырта алмайды жағамды
Сен тұрғанда қасымда

Ұқсаса деп сөзім сенің сөзіңе
Ұқсаса деп көзім өткір көзіңе
Кімге еліктпп өскеніңді білмеймін
Мен еліктеп өстім аға өзіңе
Аға сендей бола алмайды басқалар
Өзің барда інің кімнен жасқанар
Сен асылсың аға сенің қасыңда
Алтын күміс құнсыз қара тас болар

ғазизхан, шекербеков, газизхан, gazizhan, gazizkhan, shekerbekov, Аға, Ага mp3 скачать, текст песни, 2019