Ернар Айдар Жүз әнім скачать текст песни (2019)

0

Скачать

Көздеріңнің мөлдірлігі
Көлдей көркем, теңіздей терең
Өмірімнің болдың гүлі
Көзімді ашсам, сені іздей берем
Құшағымда балқыдың алтыным
Сезімге ешкім шек қоя алмас
Мен сол кезде шалқыдым, қалқыдым
Ғашық жүрек тоқтай алмас

Қайырмасы:
Өзіңе арналатын бар
Жүз әнім, жүз әнім
Сен үшін қамал
Бұзамын, бұзамын
Есімін басқа
Қыздардың, қыздардың
Жүрегімнен сызамын
Бақытым боп менің ғана
Жүр жаным.

Қабақ түйіп бұлданба сен
Күлсең жаздың көрдім жылуын
Гүл майысып тұрғанда сен
Аңсамаймын қордың сұлуын
Құшағымда балқыдың алтыным
Сезімге ешкім шек қоя алмас
Мен сол кезде шалқыдым, қалқыдым
Ғашық жүрек тоқтай алмас

Ернар Айдар Жүз әнім скачать, Ернар Айдар Жуз аним скачать, Қазақша әндер 2019