Жанқош Тұраров ақталып жатыр

0

Боксшы Жанқош Тұраров Бостандық ауданындағы нысанды бұзу кезінде соққы алған сот орындаушысына қатысты жағдайдың мән-жайын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанқоштың айтуынша, ол әпкесінің өтінішін орындап, баланы балабақшадан алып келуге барған.

«Жағдай былай болды. Әпкем «үйде бір жағдай болып жатыр, баланы балабақшадан сен алып келші», — деп өтінді. Сосын үйіне бардым. Барсам үйінің қақпасын бұзып жатыр екен. Мен бұзып жатқандардан, «күн суық, көшеде қалдырайын деп тұрсыңдар ма, үйді неге бұзып жатырсыңдар? Жағдайды түсініп алсаңдаршы», — дедім. У-шу, әпкем жылап жатыр. Өткендегі бес адам қайтыс болған жағдайды білесіздер, сондай жағдай болмасын деп «жігіттер, қойыңдар! Мәселе ушығып кетпесін», — дедім».

Оның айтуынша, «арызды қайтар» деген әңгіме болған жоқ, ол — өтірік. Сондай-ақ, үй иесі — Жанқош Тұраровтың әпкесі.

«Үй иесі — туысқан әпкем. Қарсы шағымым жоқ. «Арызды қайтарыңдар» деген әңгіме айтылған жоқ.  Бұзып жатқан жігіттерге бар айтқаным «мына жерді босатыңдар» деген сөз болды. Олар бәрін бұзып тастаған. Бірақ қорқытып-үркіткен жоқпын», — деді Жанқош Тұраров.

Нысанды бұзу тоқтатылып, отбасын үйден шығармаған. Үйге қатысты мәселе көршілердің арасында болған дау-дамайдан пайда болған.